×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Алматыдан 270 шақырым қашықтықта жер сілкінді

10.02.2024, 09:23
Pixabay

«Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпан күні сағат 6:41-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Зілзала эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 9.6. MPV магнитудасы 4.2. Эпицентр координаттары 41.21° с. е. 78.77° ш. б. Тереңдігі – 5 км. Қазақстанда сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша) туралы деректер жоқ», - делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 40-тан астам адам жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты. 

Серіктес жаңалықтары