×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Эльбрус тауында қалған қазақстандық құтқарылды

11.02.2024, 10:13
Қабарда-Балқар ТЖМ

Қабарда-Балқар құтқарушылары Эльбруста қалып қойған альпинистерді эвакуациялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстандық гид пен ресейлік альпинист ТЖМ жергілікті бөлімшесінен 5 мың метр биіктіктен түсу үшін көмек сұрағаны хабарланды.

Қабарда-Балқар ТЖМ ақпараты бойынша, шақыру 10 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 22:20-да (Астана бойынша 11 ақпан 1:20-да) келіп түскен.

Шақыртуға құрамында 9 адам және 2 техника бар Ресей ТЖМ Эльбрус биік таулы ПСО құтқарушылары жұмылдырылған.

Альпинистерге көмек көрсетілді. 3850 метрде орналасқан Гара-Баши станциясына жеткізілгеннен кейін олар көмектен бас тартты.

Іздеу-құтқару жұмыстары жергілікті уақыт бойынша 23:34-те аяқталды (Астана уақыты бойынша 2:34).

Серіктес жаңалықтары