×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Неге қымбат? Нұрбек Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы оқу құны жайлы пікір білдірді

14.02.2024, 12:01
Неге қымбат? Нұрбек Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы оқу құны жайлы пікір білдірді
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанның жоғары оқу орындарында ақылы оқудың құны жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс кулуарларында Саясат Нұрбектен еліміздің жоғары оқу орындарында оқу құнын жоғары деп санай ма деген сұрақ қойылды. Ол ведомствода оқу ақысын белгілеу бойынша консервативті саясатты ұстанатынын мәлімдеді.

– Біз қадағалаймыз және бақылаймыз. Денсаулық сақтау министрлігіндегі медициналық оқу орындары бар. Біз тек академиялық саясат бөлігінде әсер етеміз. Егер оқу ақысын тым көп көтерген нақты фактілер болса, сіз бізге айтыңыз – тексереміз, - деп сендірді министр.

Нұрбек көп университетте ақылы оқу құны грантқа қарағанда айтарлықтай төмен екенін атап өтті. Егер гранттың құны 1,2 млн теңге мөлшерінде белгіленсе, онда мемлекеттік жоғары оқу орындарында бір жыл ішінде ақылы оқу құны 500-550 мың теңгені құрайды.

КИМЭП немесе Нархоз сияқты жеке жоғары оқу орындарында оқу құны жоғары. Ғылым министрлігінің басшысы ақылы оқыту құны ерекше бақылауда екенін айтады.