Жапонияда Сакурадзима жанартауы атқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz елдің Ұлттық метеорологиялық басқармасына сілтеме жасап.
Жарылғыш сипаттағы жанартау атқылауы Минамидакэ кратерінде болды. Күл мен түтін бағанасы 2020 жылдан бері алғаш рет 5 мың метр биіктікке көтерілді, тастар мен лава қалдықтары 1,3 мың метрге ұшты.
Тұрғындарға жанартау маңында да, шалғай жерде де күл түсу қаупі ескертіліп жатыр.