×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

24 келі алтынды әкетуге қатысқан - Түркия азаматы Қазақстанға жеткізілді

16.02.2024, 08:33
Скриншот

Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің қызметкерлері сыртқы істер министрлігінің көмегімен трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысқаны үшін Әзербайжаннан Түркия азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратураның хабарлауынша, ол 2020 жылдың шілдесі мен тамызы аралығында трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында Қазақстаннан 24 келіден астам алтынды контрабандалық жолмен әкетуге қатысқан деген күдікке ілінген.

Осының салдарынан мемлекетке 633 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Қылмыс жасағаннан кейін қатысушылар тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

 2023 жылдың шілдесінде күдікті Әзербайжан аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

 Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жалпы 2022 жылдың маусымында Астана қаласының соты осы трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысы бар 14 адамды түрлі жаза түрлеріне соттап, олардан мемлекет пайдасына 5 миллиард теңгеге жуық ақша өндіріп алған.

Серіктес жаңалықтары