×
$
453.93
€
508.72
₽
5.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.93
€
508.72
₽
5.35

Түркияда туристер мінген автобус жол апатына ұшырады: 11 адам қаза тапты

Бүгін, 19:00
Түркияда туристер мінген автобус жол апатына ұшырады: 11 адам қаза тапты
Видео кадры

Түркияның Маниса провинциясында туристік автобус эвакуатормен соқтығысып, салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы 27 адам жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

NTV телеарнасының мәліметінше, жол апаты жергілікті уақыт бойынша сағат 11:10 шамасында Гебзе – Орхангази – Измир тасжолының Акхисар ауданындағы ақылы жол бекетіне жақын жерде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, туристер мінген автобус эвакуатордың артқы бөлігіне соғылған.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің айтуынша, автобус жүргізушісі Маниса – Акхисар жол айрығындағы бұрылыстан өтіп кетіп, қажет бағытқа қайта оралмақ болған. Сол кезде көліктер соқтығысқан.

Автобустың Денизли провинциясындағы Памуккале қаласына бағыт алғаны белгілі болды.

Жол апатынан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері, өртсөндірушілер мен бірнеше жедел жәрдем бригадасы жеткен.

NTV телеарнасының өңірлік тілшісі Мерих Актың хабарлауынша, апаттан 11 адам қаза тауып, тағы 27 адамға медициналық көмек қажет болған.

Жарақат алғандар бірнеше ауруханаға жеткізілді. Олардың бірінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Қайғылы оқиға орнына Маниса провинциясының губернаторы Вахдеттин Өзкан да барды.

Қазір құтқарушылар мен құқық қорғау органдары оқиға орнында жұмысын жалғастырып жатыр. Жол апатының нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.