Танымал әнші Ерке Есмахан осыдан біраз уақыт бұрын киген киімдерін сатылымға шығарды, деп жазады Ulysmedia.kz.
Өнер иесі гардеробын босатып, қанша табыс тапқанын мәлімдеді. Әншіден оқырмандары: "Киімдеріңізді сатып, қанша ақша таптыңыз?" деп сұрады.
Ерке Есмахан оқырманына жауап беріп, тапқан табысын жасырмай жариялады.
"Ақша санауды қатырасыздар, иә? Сол киімдердің барлығы сатылып кетті. Алған жандар игілігіне кисін. 7-8 млн теңге шамасында табыс таптым", - деп жазды өнер иесі.
Айта кетерлігі, сатылған киім-кешектердің ішінде су жаңа көйлектер де бар.
Естеріңізге салсақ, ұлды болған жұлдызды жұп Райм мен Ерке Есмахан баласына қандай есім бергенін жазған едік.