×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Израиль Палестина мемлекетін мойындаудан ресми түрде бас тартты

Израиль Палестина мемлекетін мойындаудан ресми түрде бас тартты
Фото: REUTERS

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Палестина мемлекеттілігін біржақты мойындаудан бас тартуды үкіметтің дауыс беруіне қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

BBC-дің жазуынша, ол бірауыздан мақұлданған.

Израиль палестиналықтармен тұрақты келісімге қатысты халықаралық талаптарды үзілді-кесілді қабылдамайды. Мұндай келісімге тек тараптардың тікелей келіссөздері арқылы, алғышартсыз қол жеткізіледі. Израиль Палестина мемлекетін біржақты тануға қарсы тұруды жалғастырады, - делінген министрлер кабинеті бекіткен мәлімдемеде.

Израиль билігі мұндай мойындау «терроризм үшін үлкен сый болады және болашақ бейбіт келісімге кедергі болады» деп сенеді.

Осы уақытта БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сейсенбі күні Алжир ұсынған Газада атысты тоқтату туралы қарарды дауысқа салады деп күтілуде.

Америка Құрама Штаттары қарар жобасы кепілге алынғандарды босату және ұзақ мерзімді бітімге қол жеткізу үшін жүргізіліп жатқан дипломатиялық күш-жігерді тоқтатып, маңызды келіссөздерге қауіп төндіруі мүмкін деп есептеп, вето құқығын пайдалануға ниетті.

Еске салсақ, Бразилия президенті Газа секторында болып жатқан оқиғаларды Гитлердің әрекеттерімен салыстырды

Баспасөз мәслихатында президент Гитлердің еврей халқына қарсы жүргізген геноцид кезеңін қоспағанда, Газа секторында болып жатқан оқиғалардың тарихта теңдесі жоқ деген пікір білдірді. Лула де Силва Газадағы оқиғаларды соғыс емес, геноцид деп атаған жөн дейді.

Бүгінде Сауд Арабиясы Газа секторындағы ахуалға алаңдап отыр. 

Сауд Арабиясы Газа секторындағы гуманитарлық апаттың алдын алу үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін шұғыл отырыс өткізуге шақырған.

Қоршаудағы Газа секторының оңтүстігінде орналасқан Рафах қаласына жасалған шабуылдардың салдары өте қауіпті болады, - делінген Корольдік Сыртқы істер министрлігі анклавтың осы бөлігінде Израильдің жердегі ықтимал операциясына байланысты мәлімдемесінде.