Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров жаңа заңға сәйкес, "жастар некеге тұрмас бұрын емтиханнан өте ме?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бір ай оқытылады
ОКҚ алаңында бұл сұрақты комитет төрағасына журналистер қойған.
– Мәжілісте қазір тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасы қаралып жатыр. Ол жерде сондай тармақша бар: некеге тұрар алдында бір айдың ішінде жастарды оқыту көзделген, – дейді ол.
Бұл қандай оқыту деген сұраққа комитет төрағасы “менторлар, психологтар халықтың аталған бөлігімен жұмыс істейтінін” айтты. Оқу міндетті ме деген сұраққа “ол әзірге қарауда” деп жауап берді.
Еске сала кетейік, бұған дейін балалар мен әйелдердің құқықтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау туралы заң жобасының тұсаукесері кезінде Закиева тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балаларға қатысты жасалған қылмыстар бүгінгі таңда қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі екенін айтқан еді.
– Былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 99 мың өтініш келіп түсті. Балаларға қарсы 24 52 қылмыс жасалды, 69 әйел мен жеті бала тұрмыстық зорлық - зомбылықтан қаза тапты, - деді ол.
Ал мәжіліс депутаты Анас Баққожаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жаңа заң жобасының тұсаукесері барысында отбасылардағы қақтығыстар көбінесе "әйелдердің ұзын тілінен" туындайтынын айтқан болатын. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха депутаттың мұнысы жайлы “әркім өз пікірін айтуға қақы бар” деген.