×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақстанда түрмеде жазасын өтеушілерді асырауға жылына қанша ақша жұмсалады

19.02.2024, 14:02
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл бағытта бюджетке түсетін қаражатты азайту үшін бірқатар жобаны жүзеге асыру ұсынылып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Құтқару" қоғамдық қорының хабарлауынша, жыл сайын бюджеттен бұл бағытта тәулігіне 2 261 теңге бөлінеді. Қазақстанда барлығы сотталып түрмеде отырғандар, уақытша қамау изоляторындағылар саны 34-тен 38 мың адам аралығында.

Қор оларды ұстауға жылына 28 млрд теңге жұмсайды деп есептеп шығарған. Бұл ретте жазаны орындау жүйесінің өзі 6-дан 20 миллиард теңгеге дейінгі мөлшерде қаржыландырылмаған.

Түрме тұрғындарын 10% қысқартуға және мемлекеттік бюджетке қаражат бөлуге бағытталған жобаны жүзеге асыру ұсынылып отыр.

Алдын ала есептеулер бойынша бұл жылына шамамен 2,8 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары