×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстанға көшкен Polymetal компаниясы Ресейдегі бизнесін сатып жатыр

19.02.2024, 17:37
REUTERS

Polymetal International тау-кен компаниясы Ресейдегі бизнесін сатып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәміле туралы мәлімет

Компанияның хабарлауынша, "Полиметалл" АҚ-тың 100% акциясын кәсіпкер Сергей Янчуковтың "Мангазея" компаниялар тобына кіретін "Мангазея Плюс" сатып алады.

Активтердің құны 3,69 миллиард долларға бағаланған. Бұл сомаға ресейлік компания Polymetal пайдасына төлейтін салықтар шегерілгенге дейін 1,429 миллиард доллар дивиденд пен 50 миллион доллар ақшалай сыйақы кіреді.

Polymetal қаражатының бір бөлігі "Полиметалл" АҚ алдындағы топішілік берешекті өтеуге және жалпы корпоративтік мақсаттарға, оның ішінде Қазақстанда Ертіс гидрометаллургиялық комбинатының құрылысын қаржыландыруға және өтімділікті жақсартуға бағытталады.

Компания осы мәміле наурыз айының соңына дейін жабылады деп күтеді. Ол үшін директорлар кеңесінің мақұлдауын және реттеушілердің рұқсатын алу қажет.

Polymetal хабарламасында "топтың қазіргі құрылымы компанияны Ресейдегі операциялық қызметке, соның ішінде Үкіметтің активтерді" мемлекет меншігіне алу қаупіне "байланысты қолайсыз тәуекел деңгейіне ұшыратуды жалғастыруда" делінген.

Тарихы

Polymetal компаниясы Ресейдің Украинаға толыққанды әскери шапқыншылығы басталғаннан кейін және Мәскеуге қарсы алғашқы Батыс санкцияларынан кейін өзін "Ресеймен байланысты адам немесе заңды тұлға деп санамайтынын" мәлімдеді.

2022 жылдың жазында компания өзінің ресейлік және қазақстандық активтерін бөлу жолымен бизнесті қайта құрылымдау туралы, сондай-ақ Джерси аралынан Қазақстанның юрисдикциясына бас холдингті қайта құратынын (басқа юрисдикцияға қайта тіркеу) хабарлады.

2023 жылдың мамырында АҚШ "Полиметаллға" және оның еншілес компанияларына "Ресей экономикасының металлургиялық және тау-кен секторындағы қызметі үшін" санкция салған. Осыдан кейін Polymetal бас атқарушы директоры Виталий Несис пен бас қаржылық директоры Максим Назимок қызметінен кетті.

Серіктес жаңалықтары