×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Жаңа заң: әйел-баласын сабаған еркек қалай жазаланады

21.02.2024, 09:36
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжілісте әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар заңға енгізілетін өзгерістер талқыланып жатыр. Заң жобасын мәжілісте депутаттар әзірлеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Заңға енгізілетін жаңашылдық қандай?

Заң жобасындағы жаңашылдықтың бірі – зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгездікке немесе адамның қадір-қасиетін қорлауға жол бермеу мақсатында бірқатар нормалар қарастырылған: егер, 2017 жылдан бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде болған 73-1 (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін), 73-2 бабы (ұрып-соққаны үшін) баптар әкімшілік құқық бұзушылық кодексінен алынып тасталған. Яғни, қылмыстық кодекске 108-1 бабы  (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру), 109-1 бабы (ұру жаңа баптары) криминализацияланып, енгізіліп отыр.

108-1-бап: 

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру 1. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру – 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 

Дәл сол әрекет: 

  • 2 немесе одан да көп адамға жасалса; 
  • осы адамның қызмет кезінде немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышты орындауына байланысты адамға немесе оның жақындарына;
  • аса қатыгездікпен, дәрменсіз күйде не материалдық немесе өзге де тәуелділікте болатын адамға; 
  • адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы; 
  • бұзақылық ниетпен; 
  • әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық негізінде; 
  • бірнеше рет көрінеу кәмелетке толмаған адамға байланысты болса – 

1 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жыл дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

109-1-бап, ұру: 

Дене жарақатын келтірген, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау – 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 25 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 

Сол әрекеттер: 

  • екі немесе одан да көп адамға жасалса;
  • осы адамның қызметтік немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышты орындауына байланысты адамға немесе оның жақындарына;
  • кінәліге көрінеу, дәрменсіз күйдегі не кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамға;
  • адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы;
  • бұзақылық ниетпен;
  • әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық негізінде; 
  • бірнеше рет; 
  • көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты –

1 жүзден 2 жүз АЕК ¬ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 1 жүзден 2 жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 30-дан 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады».

«Заң жобаларының бірнеше маңызды аспектілеріне тоқталар болсақ, Осы жерде, бір мәселеге баршаңыздың назарларыңызды аударғым келеді, бұл баптар тек әйел немесе бала құқығын қорғаумен қатар, барлық құқығы бұзылған, денсаулықтарына қасақана жеңіл зиян келтірілген, және ұрып-соғуға тап болған барлық азаматтардың құқығын қорғауға бағытталады. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтар болмауы үшін, азаматтардың жауапкершілігін күшейту. Жаңа редакцияда, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылды», - дейді Жұлдыз Сүлейменова.

Заңға қандай нормалар ұсынылып отыр

Бұған дейін депутат Асхат Аймағамбетов жоба мемлекет басшысының отбасылық-зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келетінін айтқан еді. Заң жобасында, депутаттар келесі негізгі нормаларды ұсынады:

  • Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді, қазіргі әкімшішік жауапкершіліктен  қылмыстық жауапкершілікке жатқызу, және де жазасын әлдеқайда қатаңдату;
  • Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы бақ, немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тісті шараларды қабылдау құқығын беру.
  • отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлықын өзгерту үшін, сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру.
  • педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр;
  • суицидты насихаттау үшін, немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
  • балаларға арналған интернаттық ұйымдарға алдын-ала ескертпей ақ,  кез-келген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар ұсынылған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қазақстанда 2023 жылы тұрмыстық-зомбылықтан қанша әйел көз жұмғаны туралы мәлімет шыққан болатын.

Серіктес жаңалықтары