×
$
450.69
€
505.04
₽
5.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.69
€
505.04
₽
5.45

Ақтауда әйелді ұрып, тістерін сындырып, шашын қиған, бірақ полиция оның өзі ұстаған

Бүгін, 15:49
Ақтауда әйелді ұрып, тістерін сындырып, шашын қиған, бірақ полиция оның өзі ұстаған
Gov.kz

Ақтау тұрғынын аяусыз ұрып-соғып, тістерін сындырған, шашын қиып, құжаттарын алып кеткен. Алайда полиция жәбірленушінің өзін ұстаған, ал оны ұрды деп айыпталған адам ізін суытқан. Бұл туралы Human Rights Lawyers қорының жетекшісі, құқық қорғаушы Ләззат Рақышева мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Оқиға туралы Рақышеваға әйелдің таныстары айтып берген. Олар көмек сұрап, құқық қорғаушыға видеоны жолдаған.

Рақышеваның айтуынша, әйел бұған дейін де бірнеше рет соққыға жығылған. Кейінгі шабуылдан кейін оның беті жарақаттанып, миы шайқалған болуы мүмкін деген белгілер байқалған. Әйелдің сөзінше, ер адам оның ұзын шашын қиып тастаған.

Құқық қорғаушының мәліметінше, әйелге медициналық көмек көрсетілмеген. Оның кәмелетке толмаған екі баласы бар.

Құқық қорғаушы не талап етті

Ләззат Рақышева Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасынан Ақтау полициясының әрекеттерін тексеруді талап етті.

– Зорлық-зомбылық құрбаны неге қорғансыз қалды? Неліктен дәл әйелді ұстаған? Полиция оны қорғаудың орнына жәбірленушінің өзін ұстады, – деп жазды Рақышева.

Оның айтуынша, әйелді ұстаудың заңдылығын және күдіктіге қатысты қандай шаралар қабылданғанын тексеру қажет.

Құқық қорғаушы полицейлердің бұл ер адаммен байланысы бар-жоғын және оның жауапкершіліктен жалтаруына көмектесіп жүрген-жүрмегенін де анықтағысы келеді.

– Егер өкілетін асыра пайдалану, заңсыз әрекеттер, әрекетсіздік немесе құқық бұзушылықты жасыру деректері расталса, кінәлілер заң алдында жауап беруі керек. Полиция зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауға міндетті, оларды көмексіз қалдырмауы керек, – деді Рақышева.