Осы уақытқа дейін 60 отандасымыз өз күшімен елгк оралғаны хабарланады, деп жазады Ulysmedia.kz.
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров соңғы екі жылда Таиланд, Мьянма және Лаос шекаралас аумақтарында 200-ге жуық қазақстандық еңбек құлдығына түскенін хабарлады.
Дипломаттардың көмегімен 28 адам босатылған. Бұл ретте тағы 60 елшіліктің көмегінсіз үйлеріне оралды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда адам саудасы бойынша 150 қылмыстық іс қозғалған болатын.