×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ұлытауда балаларды 5 жыл құлдықта ұстаған: істің жаңа деректері жарияланды

22.02.2024, 12:42
Pixabay

Отбасындағы әрбір бала төрт ай бойы кезек-кезек сабақтан қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанова Ұлытау облысындағы оқиғаға түсініктеме берді.

– Ұлытау облысындағы балалар әбден азып-тозған. Қазір патронатты ата-аналар тергеліп жатыр. Неліктен қамқоршылық органдары бұл туралы бес жылдан кейін ғана білді? Олар балаларға үнемі баруы керек емес пе? Шаралар қабылдана ма? - деп сұралды комитет өкілдерінен. 

Оспанованың жауабы

– Бес жыл ішінде қамқоршылық органдары Неке және отбасы туралы кодекске сәйкес жарты жылда бір рет бақылау жүргізгенін нақтылау өте маңызды. Қорғаншылық органдары сигналдарды 2023 жылдың қыркүйегінен бастап ала бастады. Әр бала бір аптадан кейін мектепке сабаққа келмеген. Яғни, қыркүйек айында бір бала мектепте жоқ болған. Содан кейін екінші бала колледжде көрінбеген. Сонымен, әр апта сайын төрт ай бойы қайталанған.

Денсаулық сақтау департаменті, атап айтқанда емхана, балалардың аурушаңдығы туралы анықтама беріп, растады. Қаңтар айында біз қорғаншылық және қамқоршылық органдарына барлық отбасыларды аралап шығуды тапсырдық. Іс-шаралар аясында бұл отбасы анықталды.

Қазір тергеу жүріп жатыр, қамқоршылық органдарына, емхана мен білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне қатысты процес зерттелетін болады. Асырап алған ата-аналар жауапкершіліктен босатылмайды, - деп сендірді ол.

Оқиға қалай болды?

Ұлытау облысында асырап алған балаларын құлдықта ұстаған әйел ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалған еді.. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлім еткен.

Ақпанның басында облыстық прокуратура мен қамқоршылықтың мобильді топтарының тексерісі нәтижесінде бір отбасынан шыққан үш бала – 1 қыз және 2 ұл бары анықталды. Патронаттық тәрбиеге алған отбасы оларды балалар үйінен 2018 жылы алған. Ол кезде балалар 14, 12 және 8 жаста болған. Балалардың үлкенін қалаға 20 км қашықтықтағы өз фермасында еркінен тыс ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Фермада екі табын жылқы мен 18 сиыр бар, - деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Динара Зәкиеваның хабарлауынша, фермаға арнайы барған комиссия мүшелері балалардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын көздерімен көріп, жағаларын ұстаған. Денелерінде сау тамтық жоқ, көгерген, тыртыққа толы екенін аңғарған. Балалар жүдеу, шаршаңқы, аш, кір-қожалақ, киімдері жыртық болған. Балаларды қамқорлығына алған ата-ана оларды қорлап, ұрып, азаптап, құлдай жұмсағаны белгілі болды. Сорақысы қамқоршы 5 жыл бойы балаларға жәрдемақы алып келген.

Серіктес жаңалықтары