×
509.51
570.6
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.51
570.6
6.3

Еліміздегі ұялы байланыс операторлары үндеу жолдады

23.02.2024, 18:11
Еліміздегі ұялы байланыс операторлары үндеу жолдады
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның ұялы байланыс операторлары біртұтас уақыт белдеуіне көшуге байланысты өз абоненттеріне үндеу жолдады,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Activ/Kcell абоненттері Қазақстанда 1 наурызға қараған түні сағаттың өзгеруіне байланысты болуы мүмкін техникалық ақаулар туралы SMS-хабарламалар алып жатыр.

Үкіметтің UTC + 5 уақыт белдеуіне көшу туралы қаулысына сәйкес 29 ақпанда 23:00 (UTC +6) мен 1 наурыз 06:00 (UTC +5) аралығында сервистерді ықтимал шектеумен техникалық жұмыстар жүргізіледі. Банктер, мемлекеттік сервистер және басқалар сияқты серіктестер жүргізетін қосымша сервистерге уақыт белдеуін өзгерту жөніндегі техникалық жұмыстар әсер етуі мүмкін екеніне назар аударамыз, - деп хабарлады Activ баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары