×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Еңбек министрлігі әр қазақстандыққа өтемақы төлей ме

26.02.2024, 12:43
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өтемақы төлейтіні туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға Еңбекмині тарапынан өтемақы төленетіні туралы жалған ақпарат таратылуда. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатыны айтылған.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз, – деп түйіндеді министрлік хабарламасын.

Серіктес жаңалықтары