×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қант қосылған сусындарды көп ішкен адамның ерте өлу қаупі жоғары – Гарвард ғалымдары

27.02.2024, 09:19
Фото: Ашық дереккөзден

Гарвард университетінің ғалымдары жүргізген жаңа зерттеу жасанды тәттілендірілген сусындарды тұтыну мен мерзімінен бұрын қайтыс болу қаупі арасындағы байланысты дәлелдейтін мысалдар келтіреді. Бұл мәліметті Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Гарвард ғалымдары не дейді

Зерттеушілер қант қосылған сусындар бірқатар аурулардан, оның ішінде кейбір қатерлі ісіктерден ерте қайтыс болу қаупін арттыратынын анықтаған.

Зерттеу барысында 30 жастан асқан 37 мың ер адам мен 80 мың әйел адамның мәліметтері жинақталған. Адам қант қосылған сусындарды неғұрлым көп ішсе, ерте өлім қаупі соғұрлым жоғары болады екен.

«Егер айына тәтті сусынды бір рет ішетін адамдар тобымен салыстырса, айына бір-төрт сусын ішетін адамдарда қауіп 1% -ға, екі сусыннан алты сусынға дейін ішетін адамдарда қауіп 6% -ға артады, егер күн сайын тәтті сусындарды ішетін болса -14%-ға, күніне бір сусыннан артық ішсе - 21%-ға қауіп артады», - дейді Гарвард тамақтану институтының зерттеушісі және осы зерттеудің авторы Васанти Малик.

Қазақстан билігінің тыйымы

Бұған дейін Қазақстанда зиянды тағамдарды жарнамалауға тыйым салынатыны хабарланған болатын. Сенат депутаттары балаларды зиянды тауарлардың жарнамасынан қорғауды ұсынған. Вице-премьер Тамара Дүйсенова бұл мәселені бірнеше министрлік пысықтап жатқанын атап өткен.

– Денсаулық сақтау министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлттық телерадиоарналарда балаларға зиянды тауарларды жарнамалауға уақытша шектеулер енгізу мәселесін пысықтап жатыр, – дейді Дүйсенова жауабында.

Серіктес жаңалықтары