×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қар былтырғыдан қалың жауған: Астана көктемгі тасқынға дайын ба

27.02.2024, 16:34
Коллаж: ulysmedia.kz.

Әкім су тасқынына дайындық жоғары деп сендіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Бұрынғы жағдайлар өте қиын болды деп кесіп айтуға болмайды. Биыл өзіңіз көргендей, қардың мөлшері өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Бұл ресми дерек. Егер өткен жылы бүкіл қыста 4,5 миллион текше метр қар шығарылса (сәуірдің қарын қосқанда), биыл қазірдің өзінде бұл шектен асып кетті. Біз бұл қардың бір уақытта еритінін түсінеміз, екі аптадан кейін басталады. Қазір қарды барынша шығарып жатырмыз. Еріктілермен жеке секторға кіріп, кейбірінің ауласына дейін қарды шығаруға көмектеседі. Дайындық жоғары. Осы тұрғыда облыспен жұмыс істейміз, бірлескен оқу-жаттығулар өткіздік. Әлбетте, ауа-райын болжау мүмкін емес, - деді әкім.

Бұған дейін ТЖМ өңірлерде көктемгі су тасқыны қаупін растағаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары