×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Құранды өртеген Ресей азаматы Никита Журавель 3,5 жылға сотталды

Фото: ТАСС

Грозный соты 2023 жылы 4 мамырда Құран кітабын өртеген Волгоград тұрғыны Никита Журавельге үкім шығарды. Ол жазасын жалпы режимдегі түрмеде өтейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, ол үкімді тыңдағаннан кейін барша мұсылмандардан кешірім сұрап, сот үкімін әділ деп санайтынын мәлімдеген.

Бұған дейін ол Ислам дінін қабылдау ниетін білдіріп, қазір Құран оқып жүргенін айтқан болатын.

Дегенмен, басылымның жазуынша, Журавельдің адвокаты Юлия Антонова үкімге шағым түсіретінін мәлімдеген. Оның айтуынша, үкімнің қаншалықты заңды екенін қылмыстық істер бойынша сот алқасы қарауы керек.

Еске салайық, Никита Журавель Волгоградтағы мешіт маңында Құран кітабын өртеген болатын. Ол 20 мамырда ұсталып, 22 мамырда қамауға алынған.

Тергеу барысында ол өзіне тағылған айыпты ішінара мойындаған. Ал Журавельдің бұл әрекеті Шешенстанда мыңдаған адамның ереуілге шығуына себеп болды.

Еске  алсақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы конфессияаралық диалогты дамытуға және өшпенділік тілмен күресуге бағытталған қарарды қабылдады. Қазақстан БҰҰ қарарының теңавторы болды.

Қабылданған қарарда дін немесе наным-сеніміне байланысты адамдарға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттердің барлық түрлері айыпталады. Сонымен қатар құжатта діни рәміздерге, қасиетті кітаптарға, тұрғын үйлерге, жұмыс орындарына, мүліктерге, мектептерге, мәдениет үйлері мен ғибадат орындарына қарсы бағытталған кез келген әрекеттерді айыптауға назар аударылды, – делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары