×
$
453.26
€
506.7
₽
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.26
€
506.7
₽
5.58

Шымкентте спортшыны қатыгездікпен өлтірген алты адам 20 жылдан астам мерзімге сотталды

Бүгін, 17:52
Шымкентте спортшыны қатыгездікпен өлтірген алты адам 20 жылдан астам мерзімге сотталды
Ulysmedia коллажы

Шымкентте ауыр атлетикадан спорт шебері Василий Колесниковтың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Алты адам 20 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Қылмысқа қатысы бар тағы екі адам іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісі сот залынан хабарлады.

Сот үкімі

Сот үкімін судья Әбинұр Қарабаев жариялады. Алты сотталушының бәрі 40 жастағы спортшыны өлтіргені үшін кінәлі деп танылды.

Ең ұзақ мерзімге Арысбаев сотталды. Ол 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Инкарбеков пен Қызбалаев 22 жылдан, Еримбет 21 жылға, Қуандықов 20 жыл 6 айға, Жұманазар 20 жылға сотталды.

Тағы екі адам – Дауласов пен Баха есімді азаматқа іздеу жарияланған.

Бұған дейін прокуратура сотталушыларды 22 жылдан 24 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал қорғаушылар кісі өлтіру туралы айыпты алып тастап, тек адам ұрлау және бұзақылық баптары бойынша жаза тағайындауды талап еткен.

Жолдағы жанжалдан кейін мәйіті табылды

Шымкентті дүр сілкіндірген қылмыс 20 қаңтарда болған. Жолда бірнеше көлік соқтығысқан. Алайда бастапқыда кәдімгі жол апаты болып көрінген оқиға соңы қатыгездікпен аяқталған. Соқтығысудан кейін төбелес басталған. Василий Колесниковты соққыға жығып, кейін күштеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Оқиға орнынан түсірілген кадрларда шабуыл жасағандардың қолында пышақ пен тапанша болғаны көрінеді.

Спортшыны бірнеше сағат бойы іздеген. Кейін оның мәйіті Түркістан облысы Ордабасы ауданынан табылды. Марқұмның қолы мен аяғы сынған.

Адвокат Талғат Есімов жол апаты Колесниковты алдын ала дайындалған тұзаққа түсіру үшін әдейі ұйымдастырылуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Қазан айында өткен сот жарыссөзінде марқұмның әкесі сотталушыларды кешіретінін мәлімдеді. Прокуратура жаза сұраған кезде оның осы ұстанымын ескерген. Ал екінші жәбірленуші Мақсат Көшкенбаев айыпталушыларды кешірмейтінін айтты.