Қазақстанның кәсіби футбол лигасының басшысы Рафаэль Гарибян өзі басқаратын ұйымда "Ресей азаматтары неге жұмыс істейді?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстанның кәсіби футбол лигасының басшысы Рафаэль Гарибян өзі басқаратын ұйымда "Ресей азаматтары неге жұмыс істейді?" деген сұраққа жауап берді.
– Қазақстанда дұрыс мамандар жоқ. Еуропа алысырақ, сондықтан біздікілерді үйрету үшін оларды Ресейден, Беларусь, Украинадан бізді оқытуға шақырған дұрыс, - деп гарибянның сөздерін келтіреді Meta-ratings.kz.
Ол 2023 жылдың мамырында Қазақстанның кәсіби футбол лигасының басшысы қызметіне келген. Ресейлік Рохус Шохтың орнын басқан.
Спорт журналисі Аслан Қаженов бұл жайлы “қашанғы кім көрінгеннен сөз естіп жүреміз?” дейді.
– Кім мынау? Қазақ футболы мен қазақ мамандарын төмендетуге қандай қақы бар? Жігіттер, білемін, футболда ақша көп. Әрқайсымыздың аузымызды әбден майлап, жақ ашпайтындай қылып тастауға мүмкіндігі жетеді. Бірақ, елдің есесі кетіп жатқан тұста, үнсіз отыра береміз бе? Солардың қайдағы жоқ пікірі бүкіл ел мүддесінен жоғары ма? Солардың тиын-тебені елдің абыройынан қымбат па? Қасында жүргендер, анаған ескертіп қойыңдар. Тілін тартып жүрсін, – дейді ол.
Әлеуметтік желі қолданушысы Руслан Түсіпбеков те Рафаэль Гарибянның сөзін сынап, “Қазақстан футболын тек өз кадрларымыз көтере алады” деген пікірді жазады.