Әскери оқу-жаттығу 27 қазан күні Маңғыстау облысында өткен, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2021 жылғы 27 қазанда Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау барысында бес әскери қызметші жарақат алды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әскери қызметшілердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда», - деп хабарлады министрліктен.
Тіркелген факттар бойынша тексеру басталды.