Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы әкімдігі екі қымбат көлік сатып алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы "Орал апталығына" басылымына сілтеме жасай отырып.
Қазталов ауданы әкімдігі үш автокөлік сатып алмақ: Hunday Tucson маркалы екі машинаны 29 млн 780 мың теңгеге және "Ниваны" 7 млн 300 мың теңгеге.
Аудан мәслихатының аппараты үшін автокөлік сатып алуға бюджеттен тағы 14 млн 890 мың теңге бөлінген.
Әкімдік шешімін аудандық мәслихат депутаттары мақұлдап отыр.