Әлеуметтік желіде офицер педофилиямен айналысты деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Egovpress Telegram-арнасы жазды.
Онда 2 наурызда Алматының Жетісу аудандық полиция бөліміне № 28-74 шекара бөлімінің подполковнигі ұсталып, жеткізілгені хабарланған. Ол мас күйінде 14 жасар баламен кездесуге келген делінеді.
Осыған байланысты Алматы қалалық Полиция департаменті түсінік берді.
Бұл дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Істің объективті мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінен.