×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Алдағы үш күнде ауа температурасы 15 градусқа дейін көтеріледі

04.03.2024, 15:59
Фото: ашық дереккөз

Қазгидромет 5-7 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

5-6 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым алқабының ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қар жауу болжанып отыр.

7 наурызда атмосфералық фронтальді бөлімдердің әсерінен, еліміздің шығыс аймақтарын қоспағанда, жауын-шашын, жаңбыр мен қар, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады. Қазақстан бойынша тұман күтіліп отыр.

Температуралық фонға келетін болсақ, аздап жоғарылайды және термометрлердің бағандары 7 наурызда күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 аязға, оңтүстікте 5-15 жылы болады.

Серіктес жаңалықтары