×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады – ТЖД

04.03.2024, 16:41
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ТЖ күштерін топтастыруға байланысты қала тұрғындары арасында жалған ақпарат тарап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қала тұрғындары арасында жалған ақпараттың таралуына байланысты Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті қалада төтенше жағдайлар күштері мен құралдарын топтастыруды күшейтіп жатпағанын хабарлайды. Азаматтық қорғау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеуде, - делінген хабарламада.

Бұған қоса ведомство өкілдері жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілікке дейінгі жаза қарастырылғанын атап өтті. 

Зілзала қайталануы мүмкін

Бүгін сағат 11.22-де Алматыда бұрынғыдан да қатты жер сілкінісі болды.

Жер сілкінгенін сезіп, дабыл белгісін естіген алматылықтар көшеге шығып, қауіпсіз орын іздей бастаған. 

ТЖМ табиғи жайтқа “қатты жер сілкінісі” деп баға берді. 

Бұл жолғы жер дүмпуінің магнитудасы 5 балға жетті.

Еске салайық, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев жер сілкінісі қайталануы мүмкін екенін айтты. 

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінде арнайы штаб құрылды. Дәл қазіргі уақытта жер дүмпуінің қайталану қаупі әлі де сақталады. Афтершок. Бүкіл қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, жақын орналасқан халықты қабылдау пунктіне баруларыңызды сұраймыз, — деді ол.

Серіктес жаңалықтары