×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстан қымбатшылық жағынан ЕАЭО-да тағы 1-орында: экономика министрі не дейді

05.03.2024, 12:26
Коллаж: ulysmedia.kz.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер ішінде Қазақстан инфляция, қымбатшылық жағынан серіктес елдерді биыл да басып озған. 

Еуразиялық экономикалық одақа мүше елдер ішінде Қазақстанда инфляция тағы ең жоғарғы өсімді көрсетіп, азық-түліктің жекелеген түрлері басқа елдерге қарағанда едәуір өскен. Жалпы, бұл тенденция бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Осымен қалай күресесіздер? Сұрақ премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровқа қойылды.

– Ақпан айы бойынша инфляция бізде 9,5-9,7 пайыз болды. Қазір толығырақ ақпарат келу керек. Айтып өткендей позициялар бойынша 1-1,5 пайызбен кейбір азық-түлік тауарларының қымбаттағанын байқап отырмыз. Қалай шешуге болады? Ол үшін ең біріншіден, өңдеу өнеркәсібін дамыту керек. Бізде қазір әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрі бойынша үкімет бағаны қадағалап отыр. Өңірлерде жергілікті қорлар бар. Интервенцияны керек болса жасаймыз, – дейді Байбазаров.

Оның айтуынша, ең бастысы, салаға көп көңіл бөлінеді.

– Биылдың өзінде Қазақстан даму банкі мен Агронесие корпорациясы арқылы біз тамақ өңдеу өнеркәсібіне 100 млрд теңгеден ақшаны жобаларға бөлейік деп отырмыз. Әлбетте, 100 млрд теңге жетпейді. Инвестицияларды көтеру керек. Оны түсінеміз. Бұл салада үлкен жұмыстар жүргізіледі, – дейді ол.

Министр сауда және интеграция министрлігі импорт тауарларымен жұмыс істейтін делдал компаниялардың саны қысқартылып жатқанын мәлім етті.

– Импорт тауарлар болғаннан кейін бір компания олармен жұмыс істеуі керек, – дейді ол.

Қымбатшылық жайлы

Таяуда ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы инфляция динамикасы жөнінде статистикалық мәліметтерді жариялаған еді. Бюроның хабарлауынша, 2024 жылдың қаңтарын 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда күріш бағасы 31,3%, минералды және ауыз су 17,2%, жұмыртқа 16,9%, салқындатылған сусындар 15,5%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдері 15%, консервіленген сүтке 13,9%, сары майға 13,1%, жаңа жиналған жемістер мен көкөністер 12,3%, майлылығы 2,5% айран 11,9%, пастерленген сүт 11,8%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері 11,7%, балық және теңіз өнімдерге 11,5% қымбаттаған. Бағасы төмендеген азық-түліктер: пияз 26,4%, қарақұмық жармасы 23,6%, күнбағыс майы 19,8%, құмшекер 15,5%.

Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы қаңтарда инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он өңірде қалыптасқан. Олардың ішінде қымбатшылық ең қатты сезілген өңірлер – Қарағанды (11,3%), Маңғыстау (10,6%), Атырау және Шығыс Қазақстан (10,1%-дан) облыстары.

Серіктес жаңалықтары