×
$
453.87
€
508.33
₽
5.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.87
€
508.33
₽
5.65

Қазақстанның батысында билікті күшпен өзгертуді көздеген радикал топ ұсталды

Бүгін, 12:58
Қазақстанның батысында билікті күшпен өзгертуді көздеген радикал топ ұсталды
ҰҚК

Атырауда экстремистік топ құрды деген күдікпен 10 адам ұсталды. Тергеу нұсқасы бойынша, олар Қазақстанның батыс өңірінде конституциялық құрылыс негіздерін күшпен өзгертуді көздеген, деп хабарлады Ulysmedia.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мән-жайы

2026 жылғы 30 қазанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында бір мезгілде 10 адамды ұстады.

Олар экстремистік топ құруға, оған басшылық етуге және оның қызметіне қатысуға, сондай-ақ терроризмді насихаттауға және діни алауыздықты қоздыруға күдіктеліп отыр.

Тергеу нені анықтады?

Тергеу мәліметінше, күдіктілердің тұрғылықты жерлерін тінту кезінде атыс қаруы, есірткі, діни атрибутика, әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Сонымен қатар топ мүшелері балалар мен жасөспірімдерге арнап құрған үш жасырын оқу орталығының қызметі тоқтатылды.

ҰҚК мәліметінше, топтың бірқатар мүшесі бұған дейін террористік және жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеудің өзге деректері жария етілмейді.