Жақында тікелей эфирге шыққан Марк Цукерберг фейсбукке Meta деген атаумен ребрендинг жасағалы жатқанын айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Цукерберг «кезінде әлеуметтік желілер әлеміне трансформация жасасам, енді біз үйренген дәстүрлі қарым-қатынасқа трансформация жасаудың уақыты келді» дейді. Ол фейсбукті Meta деп өзгертіп, күнделікті қолданысқа метакеңістік (metaverse) сөзін енгізбекші.
«Дәл қазір менің айтып жатқаным сіздерге қиял-ғажайып әңгіме секілді көрінуі мүмкін. Алайда жақын бес жылдықта мұндай қарым-қатынас үйреншікті боп қалады», - деді Марк Цукерберг.