«Қазгидромет» РМК мамандары елімізде алдағы үш күнде – 7, 8 және 9 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
9 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте және орталықта тұман түседі деп күтілуде, – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.