×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Рұқсат етілген митинг: Алматыда полиция «Феминита» белсенділерін ұстауға әрекет жасады

07.03.2024, 18:52
Власть басылымының видеосына скриншот

Белсенділерге полиция Алматыдағы Ганди атындағы саябақта "заңсыз жиналғанын" ескерткен. Дәл осы цақытта сол саябақта әкімдік рұқсат берген "Әйелдердің лайықты өмірі үшін" митингі өтіп жатқан едіі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Феминита" қозғалысының негізін қалаушы Жанар Секербаева Ганди атындағы саябаққа кемпірқосақ туымен (ЛГБТ туы) суретке түсуге келген. Осв кезде оған полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілі жақындаған.

Белсендінің айтуынша, полиция қызметкерлерінің бірі оның туын күшпен тартып алуға тырысқан. Серкебаеваның өзі қызметкерлерге фотоға түсу үшін келгенін бірнеше рет айтқан.

"Біз жалаумен қоғамдық жерде суретке түстік. Жоқ заңды бұзғанбыз-мыс. Олар түсіндірме жазуды талап етеді, бірақ біз митингке қатысқан жоқпыз", - дейді Серкебаева.

Ақыры белсенділерді қоя берген. Жергілікті билік тарапынан осындай акциялар алдын ала ескертілуі керектігі айтылған.

Рұқсат етілген митинг

Бүгін сағат 12-ден 14-ке дейін Ганди атындағы Алматы саябағында әйелдер митингі өтті. Бірақ іс-шара туралы бірнеше күн айтылғанына қарамастан, "лайықты өмір үшін" күрескер жапырылған жұрттың жиналғаны байқалмады.

Серіктес жаңалықтары