Үкімет жалпы теміржолдардың 64 пайызы тозып тұрғанын хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.
Сенаторлардың сауалына берген жауабында үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Қазақстан Республикасының аумағында 59 теміржол вокзалы орналасқанын, оның ішінде 7 вокзал жергілікті атқарушы органдардың балансында (Алматы-1, Алматы-2, Шымкент, Түркістан, Павлодар, Екібастұз, Ақсу) екенін хабарлайды.
«Қазір теміржол вокзалдарының ғимараттары мен құрылыстары жоғары физикалық тұрғыда тозып тұр. Нормативтік құқықтық актілер мен салалық стандарттардың заманауи талаптарына ішінара немесе мүлдем сәйкес келмейді. Теміржол вокзалдарының тозуы 64% құрайды, - делінген жауапта.
Вокзал шаруашылығының қызметі тиімсіз екенін ескере отырып, жыл сайын қаржылық мүмкіндігі шектеулі жағдайларда негізінен вокзалдарды толыққанды жаңғыртуды «қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін қолдау жөндеу жұмыстары жүргізілетіні» хабарланған.
«Бұл ретте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2022-2023 жылдар кезеңінде 364 млн теңгеге 33 вокзалға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Биыл Астана қаласының теміржол вокзалына (ескі вокзал) күрделі жөндеу және 10 вокзалға ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар, 2023 жылы жергілікті атқарушы органдар есебінен Павлодар, Шымкент және Түркістан қалаларының теміржол вокзалдарын қайта жаңарту басталды, оны 2024 жылдың соңына дейін аяқтау көзделген», - дейді Скляр.
Көлік министрлігі 2024-2027 жылдар кезеңінде шамамен
100 млрд теңге сомаға 54 вокзалды жөндеу және реконструкциялау бағдарламасын әзірленіп жатқанын хабарлайды.