Айбек Дәдебай ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жарлық
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды”, – деп мәлімдеді Ақорда.
Айбек Дәдебай бұл қызметті 2024 жылғы 6 ақпаннан бері атқарып келді.
Дәдебайдың орнын Скляр басты
Президент әкімшілігін енді премьер-министрдің бірінші орынбасары болған Роман Скляр басқарады.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.
Жылыту маусымына дайындық жайына қалмай ма?
Еске салайық, бұдан бұрын премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге жылыту маусымына қазірден бастап дайындалуды жүктеген болатын. Бұл жұмыстардың дер кезінде атқарылуын қадағалауды Роман Склярға тапсырған.
— Биылдың өзінде 130 шақырым жылу желісі және 10,5 мың шақырым электр желілерін жаңарту жоспарланған. Бұл шаралар тозу деңгейін тиісінше 48% және 62%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Келесі жылыту маусымына сапалы дайындық өңірлердің басты міндеті, — деді Бектенов.