×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Рамазан айында қақтығыс тоқтай ма

10.03.2024, 14:09
Коллаж Ulysmedia

Біріккен Ұлттар Ұйымы Газа секторы мен Оңтүстік Судандағы қарулы қақтығысты тоқтатуға шақырып жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Палестиналықтар қақтығысқа қарамастан оразаға дайындалуда. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Газадағы 2 миллион 200 мың тұрғын өмірге қауіп, аштық және індет жағдайында Рамазан айын қарсы алмақ. Үкімет тарапынан көшелерді безендіру биыл мүлде қолға алынған жоқ. Тек кейбір мұсылмандар тұрып жатқан шатырын әлі жеткенше безендірген.

“Биыл Рамазан айын қарсы алу бойынша ешқандай ресми рәсімдер жасалып жатқан жоқ. Қазір біз соғыс жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Көптеген жақындарымыздан айырылдық. Көңіліміз құлазып жүр”, – дейді жергілік тұрғын Имам Хинди.

Қасиетті айдың келе жатқанын сезіне алмай отырған елдің бірі – Оңтүстік Судан. Мұнда 25 миллион адам басымен қайғы болып жүр. 8 миллионы босқынға айналған. Біріккен Ұлттар Ұйымының басшысы тым құрығанда Рамазан айында атысты тоқтатуға және ораза ұстағандарға мүмкіндік беруге шақырды.

- Судандағы 2 әскери топтың арасындағы қақтығысқа жақында 1 жыл толады. Қасиетті Рамазан айына деген құрметпен барлық тарапты атысты тоқтатуға үндеймін. Рамазан құндылықтары салтанат құруға тиіс. 18 миллион судандық онсыз да аштан өлгелі жүр, – дейді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Судандағы жауласушы қос тарап Біріккен Ұлттар Ұйымының үндеуіне құлақ асатынын мәлімдеді. Олардың нақты қандай іс-әрекетке баратынын уақыт көрсетеді. Ал сарапшылар: «Газа секторындағы қақтығыстың тоқтауы екіталай», деп есептейді.

Серіктес жаңалықтары