×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

«Астана LRT» экс-басшысы Түркияда іздестіріліп жатыр

29.10.2021, 15:10
фото: alrt.kz

«Астана LRT» бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркияда іздестіріліп жатыр. Бұл туралы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің депутаттар сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өтінімімен Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке (елорда әкімінің бұрынғы орынбасары) ІІМ Интерпол каналдары бойынша халықаралық іздеу жарияланды. 2019 жылы Қазақстан Түркия тарапына «Астана LRT» экс-басшысын беру туралы сауал жолдады.

2021 жылғы сәуірде Түркия Интерполынан ақпарат алынды. Оған сәйкес, Стамбұл қаласы Бакыркей ауданының қылмыстық соты Арданды (сырттай) қамау туралы қаулы шығарған. Қазір Түркия аумағында іздеудегі адамды анықтап, ұстау шаралары жүріп жатыр.

Бұған қоса Сұлтанбековтің АҚШ аумағында екені анықталғаннан кейін 2020 жылы америкалық әділет министрлігінің атына оны беру туралы сауал жолданды. Сауал америкалық тараптың қарауында жатыр.

Шығын көлемі – 5,8 млрд теңге. Бірақ Сұлтанбеков және Ардан нақты қанша жымқырғаны белгісіз.

Мамырда «Астана LRT»-мен жұмыс істеген жеті экс-шенеунік пен компания қызметкеріне жетіден он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары