×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Болат Назарбаевтың қылмыстары үшін кім жауап береді – әділет министрі жауаптан тосылды

13.03.2024, 15:57
Коллаж: ulysmedia.kz.

Әділет министрі Азамат Есқараев бұрынғы президенттің інісі Болат Назарбаев жасаған қылмыстар үшін кім жауап беруі керек деген сұраққа жауап бере алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әділет министрі не дейді

Мәжіліс кулуарында журналистер Азамат Есқараевтан Болат Назарбаевтың тірі кезінде жасаған қылмыстары үшін кім жауап беруі керек деп сұрақ қойды.

Экс-президенттің інісі қайтыс болғаннан кейін рейдерлік басып алу және басқа да бірқатар қылмыстары жайлы мәлімдемелер әлі де айтылып жатыр.

– Біз азаматтық ведомствомыз, бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарласу қажет, - деп жауап берді әділет министрі.

Болат Назарбаев 2023 жылдың 13 қарашасында қайтыс болған.

2020 жылы экс-президенттің інісі өзінің негізгі активтерінен айырылды. Ол оған табыс әкелген, Қазақстандағы ең ірі "Алтын Орда" базары, "Барыс" автобазары және "Барыс-4" көтерме базары еді.  Бұл активтің бәрі бастапқыда мемлекет меншігіне алынып, кейін басқа инвесторларға сатылды.

Сонымен қатар, қайтыс болардан біраз бұрын прокуратура Болат Назарбаевқа тиесілі жерлерді алып қоюға бастамашы болғаны хабарланды. Кейбір дерекке сүйенсек, оған жалпы ауданы 244 га болатын 59 учаске тиесілі болған. Базарлары сияқты, экс-президенттің інісі осы жердің бәрін "күмәнді жағдайларда" сатып алғаны анықталды.

Болат Назарбаевтың Қазақстанда да, елден тыс жерлерде де әсерлі жылжымайтын мүлік коллекциясы болғаны ешкімге құпия емес. Ол әйелдерінің бірімен ажырасқан кезде көп активінен айырылды. Содан кейін жылжымайтын мүлік 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларынан кейін Назарбаев кланының проблемалары аясында тәркілеу қаупіне ұшырады.

Серіктес жаңалықтары