×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі (ВИДЕО)

13.03.2024, 18:01
Фото: dw.com

Жуырда Димаш Құдайберген Ыстамбұлда жаңа бейнебаянының тұсауын кессе, бүгінде «Smoke» әніне бейнебаян түсіріп үлгерген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қуанышты жаңалығын әйгілі әнші Instagram парақшасында бөлісті.

Тосынсый! Босаңсымаңыздар, алда жаңа бейнебаян келе жатыр, – деп жазды Қазақстанның халық әртісі.

Димаш бейнебаянға қызғылт түсті костюм киіп түскен.

Еске салайық, жақында Димаштың жаңа әні Латын Америкасы радиосынан шырқалды

Тыңдаушыларға шығарма ұнағаны сонша, олар радиожүргізушілерден оны қайта қоюын өтінген.

Universo Dimash («Димаштың ғаламы») бағдарламасы алғаш рет осыдан тура бір жыл бұрын, 2023 жылдың 1 наурызында Қазақстанда Алғыс айту күні мен Наурыз мейрамының қарсаңына орай эфирге шыққан болатын.

Димаштың әндері алғаш рет 7 ақпанда Мексика радиосынан шырқалған еді. Ал бұны ұйымдастырған әншінің халықаралық Mahabbat Dears фан-клубы еді.

Серіктес жаңалықтары