×
$
447.14
€
499.54
₽
5.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.14
€
499.54
₽
5.46

Тоқаев Рахмонды Ақордада қарсы алды: Президенттер қандай мәселелерді талқылайды?

Бүгін, 11:53
Тоқаев Рахмонды Ақордада қарсы алды: Президенттер қандай мәселелерді талқылайды?
Ulysmedia.kz

7 қарашада Астанада Қазақстан мен Тәжікстан президенттерінің ресми кездесуі өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Ақордада қабылдады. Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін екі ел басшысы келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тоқаев Рахмонды қалай қарсы алды?

Ақордада мәртебелі мейманды құрмет қарауылы қарсы алды. Тоқаев пен Рахмон бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Одан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.


Мемлекет басшылары Қазақстанның Мемлекеттік туы алдына барып, кейін шағын құрамдағы келіссөзге аттанды.

Президенттер қандай мәселелерді талқылайды?

Келіссөздің басты тақырыбы – Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту.

Екі ел басшысы стратегиялық әріптестікті нығайту және одақтастық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.

Бұған дейін не белгілі еді?

Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5 қарашада Астанаға келген. Қазақстан президенті мәртебелі мейманды елорда әуежайында өзі қарсы алған.

Келесі күні, 6 қарашада Астанада халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне арналған Ақаба процесінің саммиті өтті.

Бұл бастаманы 2015 жылы Иордания королі II Абдалла көтерген. Оның мақсаты – терроризм мен қауіпсіздікке төнетін өзге де қатерлерге қарсы күресте мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту.