×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Венесуэла президентіне қастандық жасамақ болғандар ұсталды

14.03.2024, 14:23
Фото: РИА Новости

Венесуэланың Монагас штатында Мемлекет басшысы Николас Мадуроның өміріне қастандық жасамақ болған екі адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«РИА Новости» агенттігі күдіктілер ондаған сарбаз жинап, қару-жарақтарын сайлап, бүлік ұйымдастыруды жоспарлағанын жазды.

Елдің Бас прокуратурасы ұсталғандар Ұлттық гвардияның дезертир-сержанты Ренцо Флорес және «Дело R» саяси ұйымының Уилфер Хосе Пинья екенін мәлімдеді. 

Сондай-ақ бас прокурор Саабтың айтуынша, олардың «Бірге Монагас үшін» саяси ұйымының мүшелері екені белгілі болған. Ұсталғандардың ұялы телефондарын тексеру барысында қару-жарақ алу және бүлік ұйымдастыру үшін 50 сарбазды тарту туралы әңгімелер анықталған.

Венесуэла прокурорлары ұсталғандарға қылмыстық сөз байласу және кісі өлтіруге әрекет жасады деген айып тағып отыр. 

Серіктес жаңалықтары