Алматыда Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскерилерді Голан биіктігіне шығарып салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қаладағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Қарулы күштердің бітімгерлік контингентін БҰҰ миссиясына шығарып салуға арналған іс-шара өтті. Қазақстанның бітімгерлік күштері Голан биіктігін күзетеді.
Айта кетейік, Голан биіктігі – стратегиялық және саяси маңызы бар Таяу Шығыстағы даулы аймақ. Оның көп бөлігін Израиль басып алған, ал шығыс бөлігі – Сирияға тиесілі. Қос мемлекет те жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы аймақ үшін қақтығысып келеді.
Бұған дейін қазақ әскерінің Оңтүстік Судан мен Таяу Шығысқа баратыны хабарланған еді.