×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қырғыз парламенті «Шетел агенттері туралы» заң жобасын мақұлдады

14.03.2024, 17:37
Фото: Ашық дереккөзден

Оның қолданысқа енгізілуіне енді президенттің қолы ғана керек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қырғызстанның Жоғарғы кеңесі үшінші оқылымда "коммерциялық емес ұйымдар туралы заңға өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын қабылдады. Ол халық арасында "шетел ықпалындағы адамдардың қызметін бақылау туралы" ("иноагенттер") Ресей заңының баламасы деп аталады.

Заң жобасына 66 депутат дауыс берді, бесеуі қарсы болды. Заң жобасында "коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңның тұжырымдамалық аппаратына "шетелдік коммерциялық емес ұйым", "шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері", "шетелдік өкілдің функцияларын орындайтын коммерциялық емес ұйым" сияқты терминдерді енгізу көзделген.

Заң күшіне енгеннен кейін шетелден қаржыландырылатын коммерциялық емес ұйымдар "шетел өкілдері" деп танылады. Олардың атынан интернетте орналастырылатын материалдарда: "материалдарды (ақпаратты) шетелдік өкілдің функцияларын орындайтын коммерциялық емес ұйым әзірлеген, таратқан және (немесе) жіберген" деген сөз тіркесі болуға тиіс.

Серіктес жаңалықтары