×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қайрат Боранбаевтың Астана меншігіне өткен «Комфорт» қонақ үйі аукционға шығарылды

Коллаж: Ulysmedia

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Қайрат Боранбаев тергеумен бірлесіп мемлекет меншігіне өткізген «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін аукционға қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аукцион сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру үшін конкурс түрінде өткізіледі, бастапқы бағасы – 3 919 431 715 теңге. Кепілдік жарна 587,9 млн теңгені құрайды.

Аукцион 27 наурызда өтеді. Аукцион шарттарына сәйкес, жаңа қонақ үй иесі мүлікті қонақүй бизнесін жүргізу үшін қатаң түрде мақсаты бойынша пайдалануы керек.

Қатысушының қайта құрылымдалған немесе мерзімі өткен кредиторлық берешегі болмауы керек. Оның үстіне Қазақстандағы қонақүйлерді басқару саласында жеті жылдан кем емес тәжірибесі болуы керек. Сонымен қатар әлеуетті қатысушының халықаралық брендпен қонақүй ашу үшін халықаралық қонақ үйлер желісінің лицензиясына алдын ала рұқсаты болуы керек.

Оқи отырыңыз: «Бәрінің проблемасы бар»: Боранбаев енді қалай өмір сүретінін айтып берді

Сондай-ақ шарттар объектіні сенімгерлік басқаруға беруге және оның одан әрі жұмыс істеуіне байланысты барлық шығыстар сенімгерлік басқарушының есебінен жүргізілетінін көрсетеді. Әлеуетті сенімді басқарушы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеуі керек. Басқару органының талабы бойынша сенiмгер басқарушы айына екi рет iскерлiк iс-шараларды өткiзу үшiн бөлмелердi өтеусіз беруге мiндеттi.

Төтенше жағдай кезінде басқару органының талабы бойынша сенімді басқарушы бөлмелердің қажетті санын береді.

Бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордада мұндай деңгейдегі отель жетіспейтінін, нысан отель күйінде сақталуы мүмкін екенін айтқан.

 

Серіктес жаңалықтары