×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қасымбек Боранбаевтан тәркіленген отельдің келешегі жайлы айтты

22.12.2023, 12:11
Коллаж: ulysmedia.kz.

Сотталған бизнесмен Қайрат Боранбаевтың қонақ үйі Астана әкімдігінің балансына беріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Қалаға тек Comfort Hotel Astana беріледі. Фитнес-орталықтар берілмейді. Білуімше, компанияның бас кеңсесі басқа қалада орналасқан. Шамасы, сол жерден басқарылады. Астанада емес. Comfort Hotel бойынша тапсыру процесі әлі жүріп жатыр. Ол аяқталғаннан кейін артынша не істейтінімізді шеше жатармыз. Бірақ алдын ала айтарым – қалада сондай деңгейдегі отель жетіспейді. Бәлкім, ол отель күйінде сақталуы мүмкін, - деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Еске салайық, биыл белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев ісі бойынша апелляциялық сот үкімі шықты. Сот кәсіпкердің жазасын жеңілдетті. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Көп өтпей мемлекетке байлығының бір бөлігін тапсырған Боранбаев бостандыққа шықты.

Бұған дейін Боранбаевтан мемлекет кірісіне Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы коммерциялық үй-жай және  686 млн теңгенің жер учаскесі, банк шотындағы 1 млрд 270 млн 190 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат, Халық банкіндегі түрлі шоттардағы 5 млн 685 мың 727 доллар, 1 млн 170 мың 329 доллар, 755 млн 859 мың 601 теңге, 193 млн 170 мың 137 теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат тәркіленген. Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев Comfort Hotel Astana қонақүйін тапсырған болатын.

Серіктес жаңалықтары