×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Қазақстанда оқулықтарды таңдау жүйесі автоматтандырылды

18.03.2024, 10:12
Фото: gov.kz

Бұдан бұлай еліміздегі мұғалімдер сабақтарды ұйымдастырудың ерекшеліктеріне қарай өздеріне ұнайтын оқулықты ETANDAU.GOV.KZ платформасы арқылы таңдай алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазіргі таңда электронды платформа Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ Қостанай облысының бірқатар мектебінде апробациядан өтті.

ETANDAU.GOV.KZ - бұл мұғалімдерге арналған оқулықтарды таңдаудың ашық жүйесі. Апробация кезінде оның функционалдығы және жұмысты оңтайландыру мүмкіндіктері расталды. Педагогтер оқу процесінің ерекшеліктері мен ұйымдастырылуын ескере отырып, өздеріне ұнайтын оқулықты өз бетінше таңдай алады, - деп атап өтті Республикалық білім беру мазмұнын сараптау ғылыми-практикалық орталығының директоры Назира Әбдірахманова.

Қазір мұғалімдер платформаны пайдалану бойынша оқытудан өтіп жатыр. Бұл бастама білім беру сапасын және тиімділігін арттыруға тағы бір қадам болмақ.