Бүгін таңғы сағат 07-20-да Астана қаласы Байқоңыр ауданында ангар үлгісіндегі жеке тұрған бір қабатты қойма өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша жалын 1000 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өртті сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамынан 65 астам адам және 15 техника жұмылдырылды.