×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Назарбаев университетінің экс-ректоры қызметінен «саяси қысым көрген соң кеткенін» мәлімдеді

18.03.2024, 13:44
Коллаж: ulysmedia.kz.

Шигео Катсудың айтуынша, университеттегі өзгерістер 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін іле-шала басталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Неден басталды

Астанадағы Назарбаев университетінің бұрынғы ректоры Шигео Катсу «University World News» басылымына берген сұхбатында отставкаға кету себептері туралы айтып, өзіне қарсы шабуылдар ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

Қызметтен кету

Катсудың айтуынша, университеттің академиялық еркіндігі мен институционалдық дербестігіне қауіп төніп тұр. Ол былтыр күзде саяси қысымның салдарынан отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Ол әлі де университеттің қамқоршылық кеңесінің мүшесі екенін жеткізді.

– Жалдамалы блогерлер университет атына күйе жағып, онымен қоймай Ш.Катсуды да қатаң сынап жатыр. Оның айтуынша, күйе жақпақ болғандар арнайы тапсырыспен жұмыс істеп отыр. Сондықтан болар, беделіме нұқсан келтіруді көздейді, - дейді Ш.Катсу.  Оның атап өтуінше, жала жабудың мұндай түрі бұрын орыс оқулықтарында ғана айтылатын еді. «Міне, енді оны біз де көріп отырмыз» делінген басылымға берген сұқбатында. 

Катсудың айтуынша, бұрынғы президент Назарбаев ашқан оқу орындары мен ұйымдар 2022 жылдан бастап биліктің қысымына ұшырай бастаған.  
Катсу былтыр қазан айында Назарбаев университетінің Жарғысына түзетулер енгізілгенін, бұрынғы президентке қатысты тұстары жаңа редакцияланған Жарғыдан алынып тасталғанын айтты.

«НУ академиялық еркіндігі мен автономиялық дербестігі туралы ережелерде ресми өзгерістер болмаса да, Катсу университет жарғысының мәртебесін өзгерту уақыт мәселесі деп санайды. 

Жапониялық маман қысымша ұшырап, былтыр қазан айында НУ президенті қызметінен кеткен. Десе де оған НУ президенті міндетін атқарушының кеңесшісі болып қалуға ұсыныс түскен. 

НУ-дағылар не дейді?

Шигео Катсуға қатысты жағдайды басылымға Назарбаев Университетіндегілер былай жеткізді. Олардың айтуынша, шетелдік академик НУ президенті қызметіне ресми түрде 2011 жылы кіріскен және 2023 жылы ол қамқоршылық кеңесіндегі мүшелігін сақтай отырып, отставкаға кеткен. 

– Ол қамқоршылық кеңестің тұрақты мүшесі, сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз пікірін білдіруге мүмкіндігі бар. НУ академиялық еркіндік, меритократия, зерттеу этикасы және ашықтық қағидаттарын ұстанады. НУ дербес заңда арнайы бекітілгендіктен, автономия қағидаттарына сәйкес жұмыс істейді және оны жалғастыра береді, - делінген жауапта.

Университетті қаржыландыру

Сондай-ақ басылым Назарбаев Университетінің бұрынғы оқытушысы Салтанат Джаненованың НУ-ға әлі де қомақты қаржы бөлінетінін айтқан пікірін келтіреді. 

– Сондықтан қоғам, оның ішінде парламент депутаттары режим құлағаннан кейін алаңдаушылық білдіре бастады. Бұрын олар елдегі саяси жағдайға байланысты жақ аша алмаса, қазір қоғамдық қысым мен университет жауапкершілігін күшейту талабы артып келеді, – деді ол.

Бұрын осы университетте жұмыс істеген оқытушының айтуынша, ЖОО әлі де 100 пайыз мемлекеттік бюджеттен қаржы алып отыр.
Айта кетейік, осыдан сәл бұрын Салтанат Джаненова университет халықаралық серіктестер мен шетелдік оқытушылардың жалақысын төлеуге қомақты қаржы жұмсайтынын айтқан болатын.

Джаненова университетке мынадай өзгерістер енгізуді ұсынды:

 – бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануды азайту. 
– Тәуелсіз аудит ұйымдастыру және НУ пайдасына шетелдік серіктес университеттермен келісімшарттарды қарау; Болон процесіне НУ-дың белсендірек қатысуын қамтамасыз ету;
– студенттерді ақылы негізде тарту үшін (дарынды студенттерге арналған мемлекеттік тапсырыстармен бірге) Қазақстан мен Еуразия аймағының білім беру нарығына НУ-дің шығуына қол жеткізу;
– Барлық НУ мектептерін мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және бизнеспен біріктіру;
– Әдістемелік және ғылыми қолдау көрсету үшін барлық НУ мектептерінің басқа университеттермен тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету;
– Іріктеу және мансаптық өсу бойынша кадрлық саясатты еңбегіне қарай (төлқұжат негізінде емес) қайта қарау. Халықаралық мойындалған журналдардағы ғылыми мақалалар еңбек шартын ұзарту мен бұзудың негізгі критерийі болуы керек;
– Шетелден қазақ ғалымдарын белсенді шақыру.
– Батыстың жетекші университеттерінің тәжірибесін қолданып, 3-4 жыл сайын декандарды ротациялау.

Айта кетейік, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев университетін қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтқан болатын.

Шигео Катсу

Еске салайық, Назарбаев университетінің президенті қызметінде 13 жылға жуық уақыт отырған Шигео Катсу қызметтен кететінін мәлімдеді.

Ulysmedia.kz Қазақстандағы бас университетті неліктен жапондық маман басқаратынын түсінуге тырысты. Кезінде жоғары оқу орнына Нұрсұлтан Назарбаев есімінің берілуі оның мүмкіндіктерін кеңейтіп, қолын ұзартты емес пе? Экс-президенттің арқасында НУ алып университетке айналды. 

Естеріңізге сала кетейік, Назарбаев Университеті Астанада орасан зор аумақты алып жатыр, оның меншігінде 400-ден астам ғимарат, соның ішінде ғылыми зертханалар, тұрғын үйлер мен соңғы технологиямен жабдықталған медициналық орталықтар бар.

Серіктес жаңалықтары