×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу отставкаға кетеді

29.05.2023, 09:11
Коллаж: Ulysmedia.kz

Назарбаев Университеті 2023 жылдың 15 маусымынан бастап президент Шигео Катсудың отставкаға кететінін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“13 жылға жуық қызмет атқарғаннан кейін Президент Катсу өз лауазымынан кету туралы шешім қабылдады. Университет қауымдастығы Назарбаев Университетін концепциядан Қазақстандағы бірінші әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдырған Президент Катсуға көрнекті көшбасшылығы мен көрегендігі үшін зор алғысын білдіреді. Президент Катсудың басшылығымын Назарбаев Университеті аймақтағы жетекші жоғары оқу орны ретінде белгілі нәтижелерге қол жеткізді. Биылғы күзде Назарбаев Университет тұңғыш рет Times Higher Education университеттердің әлемдік рейтингіне кіретін болады. Президент Катсудың кемелдікке және инновацияларға деген мызғымас берілгендігі меритократия және академиялық адалдық принциптеріне негізделген озық зерттеулер, академиялық өсу және халықаралық ынтымақтастық үшін жағдай жасауда маңызды рөл атқарды. Назарбаев Университетінің қауымдастығы Президент Катсуға оның үлкен үлесі мен тұрақты әсері үшін алғысын білдіреді”, – делінген хабарламада.

Шигео Катсу Назарбаев Университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып қала бермек. Сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептері, Назарбаев Қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі және Жоғары қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде қызметін жалғастырады. Бұдан бөлек, Катсу сонымен қатар университет президентінің міндетін атқарушының кеңесшісі қызметін атқарады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Назарбаев университеті Шигео Катсудың қызметтен кетуі туралы хабарды жоққа шығарған.

Серіктес жаңалықтары