×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Қазақстан қымбатшылық жағынан ЕАЭО-да көшбасшы»: Жұманғарин мұнымен келіспейді

19.03.2024, 10:54
Коллаж: ulysmedia.kz.

Вице-премьер Серік Жұманғариннен журналистер былтыр Еуразиялық экономикалық одақ ішінде азық-түлік бағасының өсімі жағынан Қазақстан неге тағы антилидер болғанын сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет кулуарында вице-министрден Қазақстанда бағаның неге өсіп кеткені сұралды. Мысалы, Қазақстанда ұн 14% қымбаттаса, соғысып жатқан Ресейде баға небәрі 1,4%-ға өскен.

– Мұның бәрі ауыл шаруашылығының, елдегі дамудың жай-күйіне байланысты. Біз үлкен ел екенімізді, жол шалғай әрі ауыл шаруашылығы дұрыс дамымағанын түсінуіміз керек. Біз аз өндіреміз, бізде импортқа тәуелділік жетіп артылады. Импортқа тәуелділік деген біздің нарықтың біреуге пайдалы екенін білдіреді. Өйткені бізге бұл тауарлар қажет. Міне, барлық жауап та осы. Сонымен қатар логистика бар. 2020, 2021, 2022 жылдардағы логистикалық дәліздерді қайтадан алмастырып үлгерген жоқпыз, - деп жауап берді вице-премьер.

Жұманғарин жыл басынан бері азық-түлік инфляциясы баяулағанын және қазір 1,9% құрайтынын, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қымбаттау көрсеткіші 0,6%. құрайтынын атап өтті.

– Жаңа жылды еске түсіріңіз. Жаңа жылға қарай жылдағыдай қымбатшылық үшін толқу болды ма? Біреу бағаны көтерді деп ойлады. Жалпы, ешқандай шу жоқ. Өткен жылдың екінші жартысы мен биылғы жылдың басы біздің ешқандай антилидер емес екенімізді көрсетеді. Біз қазір шамамен ортасында келе жатырмыз. Инфляция біздікінен жоғары елдер бар, - деп қорытындылады Жұманғарин.

Айта кетейік, 2023 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік бағасы Қазақстанда 15,2% - ға, ЕАЭО елдерінде 5,7% - ға өсті. Сүт және сүт өнімдері Қазақстанда 21% - ға және Қырғызстанда, Арменияда және Беларуссияда 6% - ға, Ресейде 2,6% ғана қымбаттады. Сондай-ақ, азық-түлік емес тауарлар Қазақстанда 14,8% және ЕАЭО елдерінде 5,5% қымбаттаған.

Серіктес жаңалықтары