×
442.85
480.32
4.94
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.85
480.32
4.94

Бірде-бір шенеунік жауапқа тартылған жоқ – депутаттар су тасқыны салдарын тексеруді талап етті

02.05.2024, 14:14
Коллаж: ulysmedia.kz.

Депутаттар Бас прокурор Берік Асыловқа сауал жолдап, жылдар бойы әкім-қаралардың апат жағдайы кезіндегі жауапкершілігі заңмен қаралмағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құспан не дейді

Депутаттың айтуынша, биылғы су тасқыны Қазақстан тәуелсіздік алғалы оныншы ірі су тасқынына жатады. Алайда осы кезге де дейін су тасқынының алдын алмағаны немесе салғырттық танытып, жол бергені үшін ешбір жоғары лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылмаған. Бұл жерде депутат жергілікті атқарушы органның, яғни әкімдердің жауапкершілігі туралы айтып отыр.

– Неге жергілікті атқарушы орган? Өйткені, өзен бойындағы су жайылмаларынан жер берген, саяжайларды іс жүзінде тұрғын үйге айналдырған, яғни жарық, газ тартып, азаматтарды тұрақты тіркеуге рұқсат берген, ол Үкімет емес, басқа емес, жергілікті атқарушы орган, яғни әкімдіктер. Ал келтірілген шығындарды өтеу салмағы әркез мемлекет мойнына артылады, – дейді ол.

Абзал Құспанның сөзінше, қылмыстық кодекстің үшінші бабында аса ірі залал және ауыр зардап деген ұғымдар бар, биылғы су тасқынында мемлекетте, азаматтарда аса ірі көлемде шығынға ұрынып, адамдар опат болған.

–  Президенттің су тасқынына байланысты сізге нақты тапсырма берді, сондықтан мен бір топ депутат болып аяқтай барып жағдайды зерттеген екі өңір–БҚО және Атырау облысының Құлсары қаласы мысалында, тексеруді Бас Прокуратура деңгейінде, кешенді түрде ұйымдастыру қажет деп есептеймін.
Құлсарыға қатысты, жергілікті белсенділер, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары Жем өзені бойындағы заңсыз салынған бөгеттер  туралы мәселені былтыр, 2023 жылы көтеріп, жергілікті әкімшілікпен прокуратура тарапынан ешқандай қолдау таба алмағаны себепті, оларға сенбейді. Барлық тиісті құжаттар, фактілер менің қолымда бар, – дейді депутат.

Заң алдында жауап беруі тиіс

Абзал Құспан су 2011 жылдан кем келмейтіні туралы сала мамандары дәл Құлсарыдағыдай, өткен 2023 жылдан айта бастады, биылғы жылдың қаңтар айында жергілікті «Надежда», ақпан айында Республикалық «Время» газеттерінде материалдар жарияланған, бірақ сол су келіп жеткенге дейін тиісті шаралар қолданбаған.

– Әбден тақағанда жергілікті атқарушы орган паникаға салынып, бүкіл Республиканы дүрліктіріп, жан-жақтан техника мен еріктілерді алдыртты, су деңгейі 10 метрден асып кетеді деп бөгеттер соқты, адамдарды шұғыл эвакуациялады, Қазақстанды айтпағанда шетелден гуманитарлық көмектер алдырды. Нәтижесінде келген судың максималды деңгейі 8 метр 64 см құрағанын көріп отырмыз. Бұл салғырттыққа және келген шығындар үшін жауапты шенеуніктер заң алдында жауап беруге тиіс! – дейді ол.

Депутат екіншіден, 2011 жылы орын алған су тасқынынан БҚО билігі сабақ алмағанын, сол кезде де бүкіл мамандар өзен жағасынан үй салуға рұқсат бермеу керек деп дабыл қаққан болатын, енді сол кезде суға кеткен жерлер тағыда суға кеткен. Ол аз болғандай, 2011 жылдан кейін Орал қаласының төңірегінен көрінеу суға кететін жерлерден жаңа тұрғын үйлер, іс жүзінде жаңа мөлтекаудандар пайда болған, соның бірі толықтай суға кетіп қалған «Нұрлы жер» ауданы. 
Схема өте қарабайыр, бірақ ол ондаған жылдар бойы еш кедергісіз жұмыс жасап келеді, әкімдікке жақын пысықтар мен пысықайлар гектарлап тегін жер алып алады да, қара халыққа он сотықтан бөліп сатады дейді депутат.

Осыған байланысты Абзал Құспан соңғы 2-3 жыл көлемінде облыста жерге қатысты жемқорлық фактілерімен әкімдіктіңде, тіпті облыс прокурорыныңда лауазымды қызметкеріне сот үкімдері шыққанын, ең соңғы факт, төтенше жағдай деп бүкіл ел дүрлігіп жатқанда, Орал қаласының архитекторы пара алу үстінде ұсталғанын айтты. Депутат бұл фактілер тек БҚО мен Атырау емес, барлық өңірге тән жағдай екенін атап өтеді. Бұдан шығатын қорытынды біреу – жер заңнамасына қатысты кең көлемді, кешенді тексеру тек Республикалық деңгейде ұйымдастырылса ғана нақты нәтиже болады деп есептейміз дейді ол.    

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары